25.02.2026
2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп
1. Жалпы ережелер
1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді «Ақмола облысының білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясы» КММ және ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары көрсетеді.
Заңды мекенжайы: Қорғалжын ауданы, Х.Болганбаева 3 көшесі.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
2025 жылы Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясында 58 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Балаларды бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау»;
«Жалпы білім беретін мектептерде оқитын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы білім алушыларды тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету»;
«Мектепке дейінгі жастағы (6 жасқа дейінгі) балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жолдау үшін кезекке қою»;
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және қабылдау (оқуға қабылдау)».
2. Қызмет алушылармен жұмыс
1) Ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары туралы мәліметтер
Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат білім басқармасының ресми интернет-ресурсында http://sc0001.korgalzhyn.aqmoedu.kz/ «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары жарияланған.
Сондай-ақ барлық ведомстволық бағынысты ұйымдардың ресми интернет-ресурстарында және ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар
2025 жылы ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары мен қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету
тәртібі туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
1) Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
2025 жыл ішінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылыққа жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері
2025 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша Ақмола облысының білім басқармасының Қорғалжын аудандық білім бөліміне қатысты ескертулер жоқ.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру перспективалары
Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:
қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
Басшы: Н. Тәжин
Орынд: А.Алиева
Тел.: 2-18-64