14.02.2020
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай 14 ақпан күні Қорғалжын мектеп-гимназиясында «Ауғанның отты жалыны» атты тақырыбында ерлік туралы ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты:
1.Еліміздің ауған соғысы ардагерлерінің мерекелерін атап өту қарсаңында ауған тарихына шолу жасау;
2.Оқушыларымызға ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін насихаттау;
3.Отанды, елін сүю, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу;
4.Ұлттық сана, ұлттық болмысымызды, ұлттық намыс, ұлттық рух қасиеттерін қалыптастыру.
Тәрбие сағатына шақырылған қонақтар: Ауған соғысының ардагерлері – Рахманкулов Сәрсенбай Смағұлұлы, Омаров Нұрбек Мәжитұлы, Рыбин Олег Вячеславович, Қорғалжын ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімшенің басшысы, майор Қасенов Серік Хайдарұлы, жасөспірімдер инспекторы Сайлау Әділхан Асылханұлы.
Ауған соғысында қайтыс болған жауынгерлерге арналған ескерткішке ардагерлермен бірге оқушылар гүл шоғын қойды. Тәрбие сағаты тақырыпқа сай театрландырылған көрініс көрсетуден басталып, оқушылар ардагерлерге өлең жолдарын оқып, ән айтумен жалғасты. Тарих бетінен сызып алып тасталмайтын ауған соғысы туралы бейне жазба көрсетілді. Класс сағаты барысында оқушылар келген қонақтарға көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, ардагерлердің ерлік тақырыбында айтқан тәрбиелік мәні бар әңгімелерін тыңдады. Сабақ соңында іс-шара ұйымдастырушылары ардагерлер мен қонақтарға шағын сый-сыяпаттарын табыстады. Іс-шараны өткізгендер: А.Алибаев, Г.Ашимова, К.Дангилова, К.Имажанова, И.Сураева, М.Атаджанова.
140220_164705_843847803091796533718223497212283665252352o.jpg
140220_164847_84849587309178000038654414998947233267712o.jpg
140220_164722_851522253091778167053394582213806813347840o.jpg
140220_164809_86467229309179283371859799522442916659200o.jpg
140220_164643_8430650530917880337190760444015354445824o.jpg