Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі "Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия села Коргалжын" отдела образования по Коргалжынскому району управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ғажайып алаңы» ойыны

14.02.2018

" Ғажайып алаңы "

Мақсаты:

·         Оқушылардың танымдық, ойлау, жылдамдық, шығармашылық қасиеттерін арттыру;

·         Оқушылардың мемлекеттер тарихын жайлы білімдерін арттыру;

Құрал - жабдықтар: тақта,презентация

Пәнаралық байланыс: тарих

Ойын барысы: Көрермендерге сұрақ қою арқылы ойынның қатысушыларын анықтаймыз. Сұрақтар

қазақ тілінде болғанымен, ойынның барысындағы жауап ағылшын тілінде болады.

Ережесі:

- Көрермен болып отырған көрермендергесұрақ қою арқылы қатысушыларды анықтау;

- Сайысқа алты оқушы екі айналым болуытиіс;

- Екінші турдың жеңімпазы финалғашығады;

- «Супер» ойыннан жеңген жеңімпаз «Супер призға» ие болады;

- Барабанда  + сектор плюс, яғни 1 әріпті ашу, Б –банкрот, яғни басқа ойыншыға жол беру, П – приз,яғни призды алып ойыннан шығунемесе ойынды жалғастыру.

Ұйымдастыру кезеңі:

Енді сайысқа қатысушыларды анықтау үшін сұрақтар қоялық.

-        Қазақстанның елордасы қай жылы Астана атанды?

-        Қазақстан тәуелсіздік алған жылы

-        Американың Тәуелсіздік күні

-        Қазақстанның рәміздері авторлары кім?

-        Америка елтаңбасында неше жұлдыз?

-        Тәуелсіздік туралы қабылданған Ата заң жылы?

Бірінші айналымның үміткерлері шығады. Барабан айналады.

17ғ. негізінен Ұлыбританиядан көшіп келгендер Атлантика жағалауында өздеріне тұрақ салды — отар деп

аталды. 18 ғ. аяғында сол отар ағылшын үстемдігінен құтылып, тәуелсіз мемлекет — Америка Құрама Штаттарын құрды. Америка жалауының сол жақ жоғары бұрышындығы көк төрт бұрышқа салынған 50 ақ

жұлдызша АҚШ-тың қазіргі күндегі штаттарының санына сай келеді. Сұрақ: Дербес мемлекетке айналу үшін қанша отар бірікті? Жауабы – 13 /Thirteen/

Екінші айналымның сайыскерлерін ортаға шақыралық. Барабан айналады.

Әлемнің ең бай қаласысаналатын Нью-Йорктегі атақты «Бостандық» мүсіні. АҚШ-тың нышаны болып

табылады. Оны кейде әлем халықтары бостандық пен демократияның нышаны ретінде танып жатады. Ескерткіш Нью-Йорктің Манхеттен жақ бөлігіндегі Бостандық аралында орналасқан. Бұған дейін, яғни XIX ғасырдың басына дейін бұл орында бес жұлдызды қорған тұрған көрінеді.

Аталған ескерткішті 1876 жылы АҚШ-тың тәуелсіздік Декларациясына жүз жыл толған мерейтойына арнап сыйға тартқан, оның салтанатты ашылу шарасы тек он жылдан кейін, яғни 1886 жылы өткен екен.

Сұрақ: Қай мемлекет мүсінді сыйға тартты?Жауабы: Франция /France/

Енді екі айналым бойынша жеңіске жеткен қатысушыларымызды шақырамыз. Барабан айналады.

Ұлыбритания (ағылш. Great Britain), толық атауы Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (ағылш.United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland)

— Еуропаның солтүстік-батысында, Британ аралдарында (ең ірісі — Ұлыбритания), Ирландия аралының

солтүстік-шығыс бөлігі мен ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Ұлыбритания 4 әкімшiлік-саяси бөліктен

(тарихи ұлттық облыстардан):Англия, Уэльс, Шотландия, Солтүстік Ирландия. Англия астанасы – Лондон, Уэльс – Кардифф, Солтүстік Ирландия – Белфаст. Сұрақ: Ал Шотландия астанасы? Жауабы: Единбург / Edinburgh/

Осылайша ойынымыздың жеңімпазын анықтадық. Жеңімпазымызды «Супер ойынға » шақырамыз.

1776 ж. 4-шілдеде Тәуелсіздік декларациясы қабылданды, онда АҚШ-тың құрылғандығы жарияланды. 13

ағылшын отары бірігіп, дербес мемлекетке айналды, 1-Америка-буржуазиялық революциясы деп аталған тәуелсіздік соғысында Англия жеңіліс тапты. 1783 ж. бітім шарты бойынша Англия АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындады. 1787 ж. АҚШ Конституциясы қабылданып, елдің бірінші президенті болып Джордж Вашингтон сайланды. 1776 ж. құрлық аралық конгресс қабылдаған Тәуелсіздік декларациясы жобасының авторы, қоғам құрылысын демократияландыруға үлкен үлес қосқан Томас Джефферсон. Сұрақ: 1776 жылы он үш Солтүстік-Америка штаттарының АҚШ тәуелсіздігінің декларациясын қай қалада қабылданды? АҚШ-ндағы ескі қалаларының бірі.Елдің халық саны бойынша 6-шы қаласы,Пенсильвания штаты бойынша ең үлкен қала-1 526 006 адам. Делавер өзенінің бойында орналасқан. Жауабы – Филадельфия /  Philadelphia /

Қорытындысында «Супер ойыннан» да сүрінбей өткен ________бүгінгі ойынымыздың жеңімпазы атанып, «супер призға» да ие болды. Қошемет!

Назар аударғандарыңызға рахмет! Келесі кездескенше.

 

 

 

 

Просмотров: 840


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст