«Қорғалжын мектеп-гимназиясы» ММ ұйымдастыруымен 2018 жылы қаңтар айының
31-і күні «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ҚАСИЕТТІ ТУҒАН ЖЕР» тақырыбында және Қорғалжын ауданының 90 жылдығына орай мектептер арасында аудандық ғылыми жобалар байқауы өтті.
Мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттау;
- Жастарымыздың бойында Тәуелсіз қазақ еліне деген құрметті күшейту, оқушыларда ұлттық, патриоттық санасын оята отырып отансүйгіштік сезімін қалыптастыру. Ғылыми жобаға жеті мектептен 13 оқушы қатысты, әр жоба
тақырыпқа сай болды. Байқау нәтижесінде барлық оқушылар дипломмен және сертификаттармен марапатталды.
Бірінші орынға ие болған Үсенов атындағы Сабынды орта мектебінің 11 класс оқушысы ЖанузаковаМөлдір. Дайындаған Смагулова Молдір Бейсенова. Екінші орынды иеленген Шоқан Уалиханов атындағы орта мектебінің
9 класс тәлім алушысы Кадырбек Бекжан. Мұғалімі Аукенова Зейнегүл Үшінші орынның иегері Амангельді орта мектебінің Сопбек Сымбат 11 класс шәкірті. Ұстазы Рахимжанова Рысты Кенесовна.