Рухани жаңғыру: «Білімді жастар-ел болашағы» атты мектеп оқушылары арасында
ашық аудандық пікір-сайыс турнирі
Рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Рух үшін өмір сүрген өмір ғана рахатқа жеткізеді , рухымызды көтеріп, руханилық жағына тереңірек үңілетін күн туды.Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып,сананы жаңғырту және білімдлікке ұмтылу Елбасы мақаласының өң бойына алтын арқау болып өрілген. Тәуелсіздіктің нығаюы,дамыған елге айналуымыз үшін қазақстандықтар алға батыл қадам басып, жоғары технологияларды меңгеруі, озық стратегиялармен жарақтануы, халықаралық коммерциялық һәм концептуалды
жобаларды ілгерілетуі маңызды. Бұл – Қазақстан көшбасшысы айтқан «бәсекеге
қабілеттіліктің» бір шарты.
Осы мәселе төңірегінде енгізіп отырған Американдық парламенттік форматы бойынша турнир өткізу - әр оқушының жүрегіне, бойына рухани құндылықтарды сіңіртіп, жарқын болашаққа жетелейтін игі бастамалар жатыр.
Аудандық білім бөлімінің өқу- әдістемелігінің кабинетімен Қорғалжын мектеп-гимназиясы ұйымдастырған бұл турнир 2018жылдың 19 -қаңтар сағат 10.00 да гимназия ғимараты шаңырағының астында ауданның орта білім беру мектептерінің 10-11сынып оқушылар командасын жинады. Турнир Американдық парламенттік
форматы бойынша (әр топта 2 ойыншы) қазақ тілінде өткізілді.
Қазақстандық қауымда орын алатын өзекті мәселелерді қоғамдық талдау және талқылау арқылы аудан шәкірттерінің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттырып, нақты мәселелерді шешу жолдары мен механизмдерін қарастыру – ойынның басты мақсаты болып анықталды. Нақты аталмыш турнирдің міндеттері де айқындалды:
- Қорғалжын ауданында мектептік пікір-сайысты дамыту;
- ораторлық шеберлікке үйрету, тыңдай білу қабілеті, қабылдау,талдау, ойды сауатты және дәлелді жеткізе білу;
-жастарда саяси мәдениеттің қалыптасуына ықпал ету,парламентаризм дағдыларын қалыптастыруға көмек беру;
-инновациялық ой-пікір және позитивтік тәжірибенің алмасуын қамтамасыз ету;
-жастардың білім деңгейін және сыни ойлау қабілетін жетілдіру;
-оқұшылардың азаматтық және патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Турнир мына жүйе бойынша өтті : екі іріктеу раунд, жартылай финал және финал. Қорғалжын мектеп-гимназиясынан 3 топ, Ақтан .Төлебаев ат. орта мектебінен 2 топ, Қызылту ОМ, Кенбидайық ОМ мектептерінен келген оқушылары «Адал ұрпақ», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Бүгінгі заманның құндылығы неде?» сынды тақырыпта өзекті ой-толғаныстарын ортаға салды.
Жаңа форматта өткен турнир ойын тәртібіне сөйлеу мәдениеті, шыдамдылық, шындық, сыйластықты сақтау критерийлерін еңгізді. Пікірталаста оқушылар төрешілер, таим спикер алқасы, бас спикер, үкімет тобы рөліне еніп , саяси және құндылық кейстер құрастыруға, кейсте
қолданатын сөздерге анықтамалар беруге машықтанды.
Мыңнан - жүйрік, жүзден – тұлпар, дегендей, турнир өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды: Қорғалжын мектеп-гимназия 11 сынып «Дабл Ай » тобы 1-орын, 2-орынды «Ботаник» тобы 10 сынып оқушылары, ал 3-орынды Кенбидайық орта мектебінен келген «Болашақ тобы» иеленді. Турнир жеңіпаздары, үздік спикерлер: ҚМГ 11 «а» сынып оқушылары Жумабаева Айданамен Даулет Ажар дипломмен марапатталады.
Жаңа форматтағы турнирді ұйымдастыру мен өткізуіне ат салысқан Қорғалжын мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі Фатима Қыпшақбайқызы Аудандық білім бөлімінің «Алғыс» хатымен марапаталды.
Бір ойынмен тоқтап қалмай, келешекте,тың тақырыптар ортаға салынып, ауданның барлық мектептері турнирге қатысып, өз үлестерін қосады деген ойдамыз. Құндылықтар туралы айтылған даналардың даналықтары адамның бойын да, ойын да түзейді .Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық жастар сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға
лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Біз оқушыға тек білім беріп қана қоймай, ең бірінші осындай турнирлер арқылы құндылықтарға тәрбиелер болсақ, адам да, қоғамда, заман да түзеліп жаңғырады деген сенімдемін.