Игі істер жалғасын тапты
16 желтоқсан 2017 жылы Қорғалжын мектеп-гимназиясында ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай
Қорғалжын өңіріне еңбегі сіңген ағамыз, жазушы әрі аудармашы Ермек Балтабайұлы Біжкеновті еске алу құрметіне байланысты мектеп ұстаздары арасында эссе байқауының марапаттау рәсімі өтеді. Эссе «Тәуелсіздік – өткен ғасырлар жеңісі, болашақ жемісі» тақырыбында жазылды. Мақсаты: Ата-бабаларымыздың ерліктерін дәріптей отырып, еліміздің бүгінін сараптай келе, ертеңін бағдарлау. Байқау Біжкеновтер әулетінің балалары Құралай Ермекқызы мен Раушан Ермекқызы қолдауымен ұйымдастырылды.
Қорғалжын мектеп-гимназиясы бойынша 6 мұғалім қатысты:
-Абсагиева Айдана Абаевна, тарих пәнінің мұғалімі
-Балмаганбетова Марал Ашеевна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
-Досымова Гүлден Хамзиновна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
-Жумабаева Фатима Кыпшакбаевна, география пәнінің мұғалімі
-Жусупова Баян Амангельдиновна, бастауыш класс мұғалімі
-Уткельбаева Айгуль Макажановна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Сынға түскен мұғалімдердің жұмыстары белгілі журналист Бәдуан Имашевтің сараптасынан өтіп, байқау жеңімпаздары анықталды.
Байқау жеңімпаздары Біжкеновтар отбасының демеушілік қорынан ақшалай сыйақымен марапатталды:
І орын, 50 мың теңге – Жумабаева Ф.К.
ІІ орын, 25 мың теңге – Досымова Г.Х.
ІІІ орын, 15 мың теңге – Жусупова Б.А.
Сонымен қатар, ҚР Тәуелсіздігі қарсаңында әдебиет саласына еңбегі сіңген Ермек Балтабайұлы Біжкенов ағамызды еске алу мақсатында 7-11-класс оқушылар арасында 5 желтоқсан күні өткен шығармалар байқауының қорытындысы 16 желтоқсанда салтанатты түрде Біжкеновтар әулетінің қатысуымен өткен жиында хабарланып, жеңімпаздар ақшалай сыйақымен марапатталды. Барлық қатысқан оқушыларға тәтті сыйлықтар табысталды.
7-11-класс оқушыларының жазған жалпы шығармаларының саны – 30.
Нәтижесі төмендегідей: 5/5-ке жазған – 3 оқушы; 5/4-ке жазған – 10 оқушы; 4/4-ке жазған – 5 оқушы;
4/3-ке жазған – 3 оқушы; 3/4-ке жазған – 2 оқушы; 3/3-ке жазған – 7 оқушы.
Байқаудың қорытындысы бойынша:
1 орын, 25 мың теңге – Даулет Ажар, 11 класс оқушысы
2 орын, 15 мың теңге Салықова Дариға, 11 класс оқушысы
3 орын, 10 мың теңге – Әбілпаез Сандуғаш, 7 класс оқушысы
Соған қоса, Біжкеновтар отбасы мектепке тарту еткен сыйларын табыстады: тарих кабинетіне
тарихи тұлғаларының портреттері, энциклопедиялар, көптеген әдеби және тарихи кітаптар.
Салтанатты жиынға қатысқан Біжкенов Ермектің туысқандары, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер мен оқушылар
қауымы.