Текст
Қорғалжын мектеп-гимназиясында 2017-жылдың 5-желтоқсанында «Сирек кездесетін және жойылу қауіпінде
тұрған жұптұяқтылар мен ақбөкендерді сақтап қалу» тақырыбында Республикалық форум өтті. Форумда оқушыларға викториналық сұрақтар қойылды, оқушылар тарапынан да өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап ала алды. Түрлі ойындар мен бейнероликтер форумның әрі қарай жоғары деңгейде өтуіне себін тигізді. Форум соңында белсенділік танытқан оқушыларға естелік ретінде сый-сияпат берілді. Форум өте тартымды және қызықты өтті.