Қорғалжын мектеп-гимназиясының
1-Желтоқсан
Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген
«Біздің Елбасымыз» атты іс-шараның қорытынды есебі
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Біздің Елбасымыз» атты іс – шара 24- 30.11.17ж күні өткізілді. Іс – шарада барлық мектеп оқушылары белсенді қатысты. 5-11 класс оқушылары шығарма жазу, өлең шығару сайысына белсене ат салысты.
Мектебіміздің кітапханасында оқушылар мен мұғалімдерге арналған «Елбасы күні – елдікке құрмет мерекесі» көрмесі өтті. Көрмеде Президентіміздің шыққан кітаптары және Елбасына арнайы жазылған кітаптар көрмесі, Елбасының жолдауы қойылды. 1-7 кластар аралығында «Елін сүйген Елбасы» стенд шығарылды. Кластар арасында «Туған жер-Туған ел» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Іс –шараның соңында мерекелік
сап түзеу өткізілді.
Тәрбие ісінің меңгерушісі:Г.Ашимова