Текст
Қорғалжын мектеп-гимназиясында алғашқы рет «Ұлағат» әкелер клубы ашылды.
Алғашқы отырысты мектеп психологтары М.Балмаганбетова, Д.Құдайбергенова және мектептің әлеметтік педагогы Г.Сарқытбаева өткізді. Клубтың мақсаты әкелер мен педагогтар арасына тығыз байланыс орната отырып, балаларды тәрбиелеудегі тәжірибе алмасу, бірігіп жұмыс істеу. Сонымен қатар, клубтың біржылдық жоспары таныстырылып, әкелер төрағасы және онң мүшелері сайланды. Әкелер клубының
төрағасы Баешев Т.А., оның орынбасарларына Асаинов К.А. және Рыспаев Б.О. таңдалды.