Текст
13 қарашада 2017 жылы 8,10 класс оқушылары арасында «Сөз сұлтаны – Сұлтанмахмұт» атты әдеби кеш өтті. Кешті орталық кітапханадан келген Алимбаева А. және мектептің кітапханашылары өткізді. Балалар ақынның өмірбаяны
және шығармаларымен танысып,слайд көрсетілді. Оқушылар өздері білетін ақын өлеңдерін жатқа айтып, түрлі мәліметтермен бөлісті. Кеш өте тартымды, әрі қызықты өтті.