«Алтын күз» мерекесі
Берекелі әрі мерекелі күз айларында аталып өтетін кештердің бірі – «Алтын күз» мерекесі. Күз мезгілінде сап-сары алтындай күйге енетін табиғат көркі, пісіп-жетілген жемістер адам жанына берер жылуы мол. Күз – табиғаттың әр түске боялатын мезгілі.
Мектебімізде берекелі күзге арналған бастауыш кластар арасында «Күз әуендері» мерекесі, 5-10 кластар арасында «Күз сарғайғанда» атты мерекелік кеш болып өтті. Кеш мақсаты: оқушылардың әр түрлі іс-шараларға белсенді қатысуы, біліммен қатар өнерді бірге алып жүруге дағдыландыру, уақыттарын көңілді өткізу.
Жалпы кеш жоғары деңгейде мерекеленді. Сайыскерлердің бәрі мақтау қағазымен марапатталды.