Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі "Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия села Коргалжын" отдела образования по Коргалжынскому району управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қорғалжын ауданы білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының 2017 жылы қырқүйек айында «Халықаралық еңбек күніне» орай өткізілген іс-шаралары.

13.10.2017

                                 Еңбегіне қарай – құрмет

  Атаулы мереке еңбек қызметіндегі қауіпсiздікті қамтамасыз етуге, қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған. Еңбек қауіпсiздiгi еңбектi қорғау саласында негiзгi нысан ретінде белгілі. Өз ісінің нағыз маманы болған, отбасылық кәсіпке айналдырған еңбек майталмандарын ұлықтау, кез келген салада жұмыс істеген еңбек адамын кейінгі ұрпаққа насихаттау – негізгі бағытты көздеуде.

 Жас ұрпақты тәрбиелеуде еңбек иесін дәріптеп өсіру – білім ошақтарындағы мақсаттардың бірі. Өңірімізде де еңбегімен елге ерен болып жүрген аға-апаларымыз аз емес. Оларды елеу арқылы келешегімізге үлгі-өнеге береміз. Жұртшылықты еңбек ұжымдарының тыныс-тіршілігімен таныстырып, озаттары мен үздіктерінің ізгі жолын, еңбек әулеттерінің өнегелі қырларын көпке үлгі ету, сол арқылы адамдарды еңбекке баулып, ынтасын арттыру

көзделгендіктен, осы тұрғыда жиналыс өткізіп, мектебіміздің тазалығына зер салып жүрген жұмыскерлерге алғыс хат, сыйлықтар тапсырылды.

Келешегіміз,оның жарқын болашағы үшін «Бір тал кессең, он тал ек» дегенді ұран еткен біздер бір күн арнап, мұғалімдер ұжымы тал егу ісімен шұғылдандық. Болашақта бұл іс дәстүрге айналмақ.

«Дені саудың – жаны сау» демеші бар ғұмырын оқытушылыққа  арнаған ұстаздарымыздың қызметте алға қойған мақсаттарына кедергісіз жетулері үшін салауатты өмір салтын қалыптастыруды негізге ала отырып, әйелдер мен ер мұғалімдері арасында аудандық  үстел теннисі өтті. Оған 8 мектеп белсенділік танытып, жабылу салтанатында бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Просмотров: 359


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст