Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі "Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия села Коргалжын" отдела образования по Коргалжынскому району управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Балдәурен" жазғы ойын алаңы

15.06.2017

« Балдәурен » 

жазғы  ойын  алаңының жұмыс есебі

02.06.2017ж.  күні  «Балдәурен »  жазғы  ойын алаңының  ашылу  рәсімі өткізілді. Ол  күні мерекелік  шаралар  ұйымдастырылды. Тізімде  80 бала  болды.  Балалар тегіс  тамақтанды.  Балалар мәз-мейрам.

  05.06.2017 ж. күні  балалар  4 топқа бөлінді.  1-ші  топ « Банда», 2-ші  топ « Динамит»,  3-ші топ « Люкс»,  4-ші  топ « Беспредел».  Әр топ  өзінің ұранымен  биін құрастырды.  Сол  күні балалар  таңғы  жаттығуын жасады.  Сонымен  қатар әр топ  өзінің  командалық флешмобын  құрастырды.  Балалар түскі  тамақтарын  ішті.

06.06.2017ж.  күні таңғы жаттығу  жасалып,  топтардың арасында  ойындар  өткізілді. 0 мен  1 кластар аралығында  « Бүлдіршіндер старты » өтті.  Балалар  белсене қатысып, дипломмен марапатталды.  Балалар  түскі тамақтарын  ішті.

07.06.2017ж.күні  таңғы  жаттығу жасалып,  рапорт  тапсырылып, топтар  арасында  ойындар өткізілді. Содан  кейін  2 мен 3 кластар  аралығында  « Көңілді старт»  жарысы өтіп,  командалар  белсене , қызығушылықпен  қатысып,  дипломмен марапатталды. Сонымен  қатар  « Жас суретші »   байқауы  өткізіліп, әр  топтан  балалар қатысып,  жүлделі  орындарға ие  болды. Содан  кейін балалар  түскі  тамақтарын ішті.

08.06.2017ж.  күні таңғы  жаттығу  жасалып, рапорт  тапсырылып,    « Голос Балдәурен  »  байқауы өткізіліп,  әділ  қазылар өз  таңдауларын  жасады. Балалар  байқауға өте  тыңғылықты  дайындалған. Сол  байқаудан  соң,  4-ші  мен 5-ші  кластар  аралығында  «Көңілді старт »  жарысы  өткізіліп, әр  топ  өзінің командасын  қорғап ,  жүлделі орындарға  ие  болды. Сонымен  қатар  түскі тамақпен  ауқаттанды.

09.06.2017ж.  күні  таңғы  жаттығу  жасалып, рапорт   тапсырылып,  топтар арасында  ойындар  өткізілді. Сонымен  қатар  « Биле,биле » байқауы  өткізіліп,  әділ қазылар  өздерінің   әділ бағасын  берді.  Балалар байқауға  құлшына  қатысып, жүлделі  орындарға  ие болды.  Сонымен  қатар ұлдар  арасында  4 команда  футбол  ойнады. Топтар  арасында қызықты  ойындар  өткізілді. Сонымен  қатар түскі тамақтарын  ішті. 

 

Просмотров: 329


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст