Адам өміріндегі ең үлкен бақыт-ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Осы мерекеге орай ауданымызда мерекелік іс шара аталып өтті. Мерекеге аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасары, мектеп,балабақша директорлары мен оқушылар, жас жеткіншіктер қатысты. Балаларға тегін балмұздақ таратылып, тегін батут ойын алаңы ұсынылды. Концерттік бағдарлама, ұлттық ойындар, отбасылық көңілді старт, жас ақындар сайысы, дарынды балалардың дөңгелек үстел отырысы сияқты сайыстар ұйымдастырылды. Аталған шараларға Қорғалжын мектеп-гимназиясының дарынды оқушылары мен «Асылтас» трио, «Жұлдыз» би топтары қатысты. Сондай-ақ, Қорғалжын мектеп-гимназиясы қабырғасында аудан оқушыларына арналған дастархан жайылып, тегін ас таратылды.