Сыңғырла соңғы қоңырау!
Қорғалжын мектеп-гимназиясында салтанатты сап түзеліп, мектеп ұстаздары мен оқушылары соңғы қоңырау шарасын өткізді. Бұл шараға аудандық білім бөлімінің атынан ән-күй мектебінің ұстазы Ташенова Кенжегүл Әйкішқызы, аудандық қаржы бөлімінің басшысы Рыспаева Бақыт Қанжығалықызы арнайы қатысты. Ұжымымыздың басшысы, мектеп директоры Тәжин Нұрлан Есіркепұлы келген меймандарға алғыс айта отырып, мектеп ұжымын,
оқушыларды және ата-аналарды соңғы қоңырау күнімен шын жүректен құттықтады. Бұл шараға сондай-ақ
мектеп бітіргендеріне 10, 20, 30 жыл толған түлектер де қатысып, өздерінің класс жетекшілеріне, ұстаздарына құрмет көрсетіп, тілектерін білдірді. Сонымен, мектебімізде соңғы қоңырау соғылып, оқушылардың асыға күткен жазғы демалыстары басталып кетті. Мектеп бітіруші түлектер емтиханға дайындық үстінде.