Текст
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, мұғалімдерді спортпен шұғылдануға кеңінен тарту, спорттық
бұқаралық шараларды дамыту мақсатында «Халықаралық - ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған Қорғалжын
ауданы білім беру мекемелері қызметкерлерінің арасында өткізілетін дәстүрлі XVII-ші «Мұғалім- 2017» атты спартакиада өтті.
Жарыстың бағдарламасы бойынша Қорғалжын мектеп- гимназиясының мұғалімдері спорттың 7
түрінен қатысты: дойбы, тоғызқұмалақ, волейбол, шахмат, үстел теннисі, пневматикалық
мылтық ату, қалашық.
14 команданың ішінен волейбол бойынша 1-орынды Қорғалжын мектеп-гимназиясының құрамы иеленді. Ал жалпы командалықта жүлделі 2-орынға ие болды.