Текст
1 мамыр күні Қорғалжын мектеп-гимназиясының 4–11 класс аралығындағы оқушылар мен ұстаздар қауымы
«Бірлігіміз жарасқан» атты ұранмен ауданымызда дәстүрге айналған 1-мамыр шеруіне қатысты. Бір шаңырақ астына әр ұлттың өкілдерін жинап, «Бірлік, ынтымақ, бейбітшілік», «Қазақстан біздің ортақ үйіміз» және т.б сияқты
лозунгтермен алаңға шығып мерекелік концертке куә болды. Бұл мерекенің мақсаты – құрмет, сүйіспеншілік, достық, ынтымақтастық сынды адами құндылықтардың маңызын түсіндіру болатын.