Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі "Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия села Коргалжын" отдела образования по Коргалжынскому району управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

26.04.2017

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

                                                                                 

Мектеп: Қорғалжын мектеп-гимназиясы.

Мерзiм:13.03.2017ж   Мұғалiм: Қайырбек Нұржамал Қайратқызы

Сынып: 5 «А»  

Оқушылар саны: 15   

Тақырып: Кеңпейілділік пен жомарттық.

Құндылық:  Сүйіспеншілік     

Қасиеттер:

жомарттық, өзгенің қайғысын сезіне білу,

бар нәрсемен бөлісе білу.

 

Сабақ мақсаты: Кеңпейілділік пен жомарттық туралы түсініктерін кеңейте отырып,

сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

 

Міндеттері:

- Оқушыларға  жомарттық, кеңпейілділік

 ұғымдары туралы түсінік  беру.

- Бар нәрсемен бөлісе білу, өзгеге көмек көрсету

қатынастарын дамыту.

- Өзгенің қайғысын сезіне білуге тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

 

 

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. (5 мин)

    «5-Т» ережесін сақтау

    Тәртіп;

    Талап;

    Тыныштық;

    Тазалық;

    Татулық;

 

  Оқушылар түрлі эмблемалар арқылы кездейсоқ

топқа бөлінеді.

 

I-топ - Кеңпейілділік, II- топ

– Жомарттық.

 

Тыныштық сәті  №1 «Нұрға бөлену»

 

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды

айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді

жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай

бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің

түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр

ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің

қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол

біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің

қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді

және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін

шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр

мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты

және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз

тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз

тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей

нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқындап, шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып,

жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,

достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп

жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға,

жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық

түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің

ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің

жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

2.Үй тапсырмасын тексеру. (6минут)

         «Жомарттық» (Қырғыздың халық

ертегісі )

Сұрақтар:

1. Патша уәзірлерін

қалай сынады?

2. Жомарттық жасаған

баланы қалай сипаттар едіңдер?

3.Жомарттық малмен

бола ма, жоқ пейілмен бола ма –деген сұрақты қалай түсіндіңдер?

Сабақ барысын талқылау:

Баяу музыка ойнап тұрады.

 

Сабақ барысын талқылау:

«5-Т» ережесін тақтаға іліп қою.

 

 

3.Дәйексөз. (5мин)

 

Жомарт дос

көбейтеді, сараң мал көбейтеді.

                                                            

                                                         

(Халық даналығы)

1.  Дәйексөзді

қалай түсіңдіңдер?

Ұлдар 2 рет, қыздар 2 рет, хормен 2 рет дауыстап айту

және жұмыс дәптеріне жазғызу.

4.Оқиғаларды

әңгiмелеу (Мұғалімнің сыйы).

(10минут)

                          Жомарттық

                               (Ертегі)

Сұрақтар:

 

1. Ханның

уәзірлері жомарттық пен кедейліктің мағынасын қалай түсіндірді?

2. Хан неліктен кедейдің жомарттылығын байдың жомарттылығынан жоғары қойды?

3. Өздеріңнің

жомарттылық танытқан кездерің болды ма?

Бейнеролик

5. 

Шығармашылық

іс-әрекет, топтық жұмыс. (11минут)

 

Жағдаятты шешу, сахналау


Ітоп. «Егер де сендер ұтыс

ойынынан 1000000 теңге ұтып алсаң, не істер едің?»


ІІ топ. «Сенің сыныптасың

автобусқа төлейтін ақшасын жоғалтып алып, үйіне қайта алмай жүр, сенің

іс-әрекетің қандай болар еді?»

 

6.  Топпен ән айту. (3минут)

                                           Айгөлек

 

1.Бақытымның бастауы, арманымның асқары

    Ааайгөөөлеек

    Биіктерге самғайтын, қанат бере

талмайтын

    Ааайгөөлееек

 

                          

Қайырмасы:

              Айгөлек жастары өнер

қуған

              Айгөлек достары жаңа

нұрдан

              Шырқайық бәріміз

айгөлекті

              Жұлдызы болайық

айгөлектің

 

2.Мың бұралған бишіміз, күміс көмей әншіміз

    Ааайгөөөлеек

    Өнер көзін ашқан да, талап

берген жастарға

    Ааайгөөлеееек

 

7.Үй тапсырмасы. (1 мин)

«Бесағаш бұлағы» мәтінін оқып келу. Ә.Ысқабаев 86 бет

 

8.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)

Баяу музыка қойылады.

- Бүгінгі өткен сабақтан алған жақсы әсерлерімізді

ойымызға түйіп, жүрегімізге сақтап алайық. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.

Жағымды әуен қосу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақмола облысы

Қорғалжын ауданы

Қорғалжын мектеп - гимназиясының

«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі

Қайырбек Нұржамал Қайратқызының

 

5  сыныпта  өткізілген өзін-өзі тану сабағы

бойынша рефлексивті есеп

 

        Наурыз

айының 13 - ші  жұлдызында  5 

сыныпта  өзін – өзі тану пәнінен

«Кеңпейілділік пен жомарттық» тақырыбында 

ашық сабақ өтті. Сабақтың 

ұйымдастырылу кезеңі  5 «Т» ережесін

сақтаудан басталды. Оқушылардың көңілін өзіме аударғаннан кейін,  баяу музыка әуені қойылып, «Нұрға бөлену»

тыныштық сәтін өткізумен бастадым.  Үй тапсырмасын тексеру кезеңі бойынша  оқушылар «Жомарттық» тақырыбына әр топтан

оқушылар шығып,  берілген тапсырманың

түсінігін айтып өтті. Оқушыларға  үй тапсырмасын қорытындылауда әр түрлі

сұрақтар қойылып отырды. Оқушылар әр бір қойылған сұраққа батыл әрі өте дұрыс

жауап беріп, өз ойларын ортаға салып отырды. Оқушылардың еркін сөйлегені мен

сабаққа ерекше көзге түсіп, өз өмірінен болған оқиғаларын айтып өткен сәті өте

қатты таңғалдырды.

    Тақырыпты талдағаннан кейін жаңа тақырыпты  «Жомарт дос көбейтеді, сараң мал көбейтеді»

деген тамаша бір дәйексөзімен бастап, дәйексөзді  талдадық. Оқушыларға  дәйексөзді ең алдымен қыздарға екі

рет, содан соң ұлдар екі,  барлығы топпен

бірге  қайталай отырып, естеріне

сақтады. 

Осыдан

кейін мұғалімнің сыйы ретінде «Нағыз жомарттық» (аңыз әңгіме). Осы аңыз әңгіме

бойынша оқушылармен мынадай сұрақтар талқыланды.

    1.Хазірет

Абдуллаһ неліктен құлдың жомартығын өзінің жомарттылығынан жоғары санады?

    2.

Сендер хазірет Абдулаһтың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

    3.Өздеріңнің

қамқорлық танытқан кездерің болды ма?

   деген сұрақтар қойылды.   өз өміріндегі жағдаяттарды айтып, талдап

өттік .

Шығармашылық тапсырма

кезеңінде  2 топқа бөлінген оқушыларға

мынадай тапсырмалар берілді:

І - топ. «Егер де сендер ұтыс ойынынан 1000000 теңге ұтып

алсаң, не істер едің?» (көрініс)

ІІ - топ. «Сенің сыныптасың автобусқа төлейтін ақшасын жоғалтып алып, үйіне

қайта алмай жүр, сенің іс-әрекетің қандай болар еді?» (көрініс)

        Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды

үлкен жауапкершілікпен топтастырлып жұмыс 

жасады. Сабақтың қорытындысында оқушылар топпен орындарында

отырып,  «Айгөлек» әнін айтты. Соңғы

тыныштық сәтінде көздерін жұмып, сабақтан алған әсерлерін естеріне түсірді. Мен

олардан сол сәттерді жүректеріңде сақтаулары және сол сәт мәңгі естеріңе сақтап

жүрулерін өтіндім. Соңғы тыныштық сәтінен кейін оқушыларға жүрекшелер таратылып

бүгінгі сабақтан алған әсерлеі мен 

ойларын жүрекшеге жазып тақтаға жапыстырып қойды. Мен сабағымның

мақсатына сүрінбей жеттім деп ойлаймын, оқушыларға әңгімені оқыта отырып,

қандай да қиын жағдай болмасын әр нәрсенің шешімі бар екенін толық қанды түсіндірдім

деген ойдамын. Осы сабақта оқушылар жомарттық қандай және жомарттық әр кезде

артық болмайтыны жайлы толық мәлімет алды. 

Оқушылар сабақтың ұйымдастыру кезеңінен бастап өз көңіл-күйлерін басқара

білуге, 5 «Т» ережесін бұзбай, тыныштық сақтап, бір-бірлерінің ойын бұзбай,

сөздерін соңына дейін тыңдап, кеңпейілділік пен жомарттық сезімдері оянды.

Сабақ соңына келгенде белсенді қатысқан топты және оқушыларды атап кеттім.

Сабақ оқушыларға,  әріптестерімнің ойынан

шықты деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Өзін-өзі тану» сабағының

жоспары

 

Мектеп: Қорғалжын

меткеп-гимназиясы 

Мерзiм: 16.03.

2017ж  Мұғалiм: Қайырбек Нұржамал Қайратқызы

Сынып: 6 «Б»   Оқушылар

саны: 21    Тақырып: Шындық  шыңы

ақиқат 

Құндылық: Ақиқат      Қасиеттер:

Шыншылдық, жақсыдан жамандықты ажырата білу, қарапайымдылық.

Мақсаты: (2мин) Оқушыларға шындықтың маңыздылығын түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының

мағынасын ашу.

1.    

 Шынайылылық туралы

түсіндіру;

2.    

 Жақсыдан жаманды ажырата білу  дағдыларын дамыту;

3.    

 Қарапайымдылыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. (5 мин)

    «5-Т» ережесін сақтау

    Тәртіп;

    Талап;

    Тыныштық;

    Тазалық;

    Татулық;

Оқушылар түрлі эмблемалар арқылы кездейсоқ топқа бөлінеді.

 

I-топ - Күн, II- топ - Жүрек, III-топ - Шаңырақ.

 

Тыныштық сәті  №1 «Нұрға бөлену»

 

    Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді

түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе

үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп

көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.

Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу

ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,

эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі

сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе

түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға

бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға

көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар

сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат

құралына айналды.

Одан әрі нұр

сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі

сөздер ғана айтады.           Нұрды

құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана

естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен

жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек

ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр

бірте-бірте қарқындап, шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып,

жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,

достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп

жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл

әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға

таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз:

«Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр,

Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы

Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.

Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

 

2.Үй тапсырмасы:  (6минут)

«Ақиқат» туралы мақал - мәтелдер жазып келу

Сабақ барысын

талқылау:

Баяу музыка

ойнап тұрады.

 

Сабақ барысын

талқылау:

«5-Т» ережесін тақтаға

іліп қою.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Дәйексөз. (5мин)

«Шындық 

шырағы дауыл соқса да өшпейді»

Ғ.Мұстафин

 

Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

 

Ұлдар 2 рет,

қыздар 2 рет, хормен 2 рет дауыстап айту және жұмыс дәптеріне жазғызу.

4.Оқиғаларды

әңгiмелеу (Мұғалімнің сыйы) (10минут)

                       Екі қасқыр (аңыз)

 Бірде қария өз немересіне өмір

шындығының бір сырын ашқысы келді: Әр адамның бойында екі қасқырдың  таласына ұқсас  арпалыс жүріп жатады.

Бір қасқыр зұлымдықты бастайды: қызғаныш, отты кек, эгоизм, өтірік,

өкініш, менмендік. Екінші қасқыр жақсылықты көксейді: бейбітшілік, махаббат,

үміт, шындық, қайырымдылық пен адалдық. Атасы айтқан сөздердің тереңіне

шомып, біраз уақытқа  ойланып қалған

немересі: - Түбінде қай қасқыр жеңіп шығады? – деп сұрады.

 

Сұрақтар:

         1. Қарияның жауабын қалай

түсінесіңдер?

         2.Өз бойыңда жақсымен

жаман қасиеттер       күрескен кездер

болдыма?

        3.Әңгіменің мәні неде деп

ойлайсыңдар?

Бейнежазба

5.Шығармашылық жұмыс. (11минут)

Топтық жұмыс:

 

1 Топ. «Шыншыл бала» қандай? Кластер құру.

 

2 Топ. «Шындық шыңы – ақиқат» тақырыбын сахналау. (өтірікші  және шыншыл бала)

 

3 Топ.  Шындық туралы өлең құрастыру

 

Шындық туалы

Өтірік  айтсам, өте қиналамын,

Шындық айту менің борышым

.....................................................

.....................................................

 

Қайырмасы:

Шындықты жолға алсам, шындықпен достасам,

Шындықпен  жүрсем мен – бақыт

болады.

Әркімге – әркімге шыншылдық ұнайды,

Өйткені Шындықта – өмірдің заңы,

 

Егер де бір адам бізге – өкпелесе,

.........................................................

Шындықты құрметтей адамдар білсе –

.....................................................................

 

6.Топпн ән

айту. (3минут)

Ақ көгершін

Ақ көгершін, көгершін,

Қолғанат құс сен едің.

Бар, кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан.

Бақыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.

 

Қайырмасы:

Ел тілегін алып ұш

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш

Мұхиттың арғы жағына.

 

Менен көзін алмайды,

Ақ ниеті бар адам.

Ақ қанаты талмайды,

Әділеттен жаралған.

Тыныш - бейбіт өмірдің,

Белгісі боп қанат қақ.

Әлем ортақ көңілдің,

Қайт шыңына қонақтап. 

 

7.Үй

тапсырмасы: (1минут)

«Шындық» туралы мақал-мәтелдерді дәптерге жазу.

 

8.Соңғы тыныштық сәті. (2минут)

Баяу музыка

қойылады. Бүгінгі өткен сабақтан алған жақсы әсерлерімізді ойымызға түйіп,

жүрегімізге сақтап алайық. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.

Жағымды әуен

қосу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақмола облысы

Қорғалжын ауданы

 Қорғалжын мектеп - гимназиясының

«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі

Қайырбек Нұржамал Қайратқызының

 

6  сыныпта 

өткізілген өзін-өзі тану сабағы

бойынша

рефлексивті есеп

 

     Наурыз айының

16 - шы  жұлдызында 6 сыныпта  өзін – өзі тану пәнінен «Шындық шыңы ақиқат»

тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың 

ұйымдастырылу кезеңін 5 «Т» ережесін сақтаудан басталды. Оқушылардың

көңілін өзіме аударғаннан кейін,  баяу

музыка әуені қойылып, «Нұрға бөлену» тыныштық сәтін өткізумен бастадым. Осы бір

ашық сабағыма оқушыларды Абай Құанбайұлының 17 қара сөзіндегі «Адамның  бойында

 үш қасиет бар.

Олар: қайрат, ақыл, жүрек» демекші оқушыларды 3 топқа бөлдім.  Үй

тапсырмасын тексеру кезеңі бойынша 

«Ақиқат» тақырыбына әр топтан оқушылар шығып,  берілген тапсырманың түсінігін айтып өтті. Оқушыларға  үй

тапсырмасын қорытындылауда әр түрлі сұрақтар қойылып отырды. Оқушылар әр бір

қойылған сұраққа батыл, әрі өте дұрыс жауап беріп, өз ойларын ортаға салып

отырды. Оқушылардың еркін сөйлегені мен сабаққа ерекше көзге түсіп, өз өмірінен

болған оқиғаларын айтып өткен сәті өте қатты таңғалдырды.

        Тақырыпты талдағаннан кейін жаңа тақырыпты  «Шындық  шырағы дауыл соқса да өшпейді» деген тамаша бір дәйексөзбен

бастап, дәйексөзді  талдадық. Оқушыларға  дәйексөзді ең алдымен қыздарға екі

рет, содан соң ұлдар екі,  барлығы топпен

бірге  қайталай отырып, естеріне

сақтады. 

Осыдан

кейін мұғалімнің сыйы ретінде «Екі

қасқыр» аңыз бейнебаянын

көрсеттім. Оқушылардан бейнебаяннан қандай әсер алғандарын сұрадым. Осы аңыз әңгіме

бойынша оқушылармен мынадай сұрақтар талқыланды.

         1.

Қарияның жауабын қалай түсінесіңдер?

         2.Өз бойыңда жақсымен жаман

қасиеттер       күрескен кездер болдыма?

        3.Әңгіменің мәні неде деп ойлайсыңдар?   деген сұрақтар қойылды.      

       Асан мен Мадина атты оқушылар бейнебаян

бойынша өз ойларын былайша ортаға салды. Асан екі қасқырды адамның бойындағы,

яғни сол және оң жақ иығында отыратын екі періштеге теңеді. Сол жақ иығымызда

жаман, яғни ол бізді тек жаман жолға итермелеп отырады. Ал оң жақ иығымызда

отырған періште өте ақылды, жақсы, мейірімді. Ол әрқашан бізге ақ, таза, жақсы

жолды көрсетіп отырады. Мадина оның сөзін былайша толықтырды. Біздің өміріміз

ақ пен қараны ажыратуға, жаман мен жақсыны таңдап, жамандық, зұлым кездессе оны

жеңе білуге үйрету болып табылады. Әр пенде өмірге келгеннен  кейін ащы мен тұщының дәмін тата білу керек.

Себебі, ол біздің маңдайымызға жазылған. Маған оқушылардың айтылған ойлары

жаныма қатты әсер етті.

Шығармашылық тапсырма

кезеңінде  3 топқа бөлінген оқушыларға

мынадай тапсырмалар берілді:

1

- Топ. «Шыншыл бала» қандай?

Кластер құру.

2-

Топ. «Шындық шыңы – ақиқат»

тақырыбын сахналау. (өтірікші  және

шыншыл бала)

3

Топ.  Шындық туралы өлең

құрастыру

         Әр топ өздеріне

берілген тапсырмаларды үлкен жауапкершілікпен топтастырып жұмыс  жасады. Сабақтың қорытындысында

оқушылар топпен орындарынан тұрып,  «Ақ

көгершін» әнін айтты. Соңғы тыныштық сәтінде көздерін жұмып, сабақтан алған

әсерлерін естеріне түсірді. Мен олардан сол сәттерді жүректеріңде сақтауларын

және сол сәт мәңгі естерінде сақтап жүрулерін өтіндім. Соңғы тыныштық сәтінен

кейін оқушыларға күннің шуақтары таратылып бүгінгі сабақтан алған әсерлері

мен  ойларын шуақтарға жазып тақтаға

жабыстырып қойды.

         Мен

сабағымның мақсатына сүрінбей жеттім деп ойлаймын, оқушыларға әңгімені оқыта

отырып, қандай да қиын жағдай болмасын әр нәрсенің шешімі бар екенін толық

қанды түсіндірдім деген ойдамын. Осы сабақта оқушылар шындық пен ақиқат  қандай және шындық әр кезде артық болмайтыны

жайлы толық мәлімет алды. Көңіл-күйлерін басқара білуге, 5 «Т» ережесін бұзбай,

тыныштық сақтап, бір-бірлерінің ойын бұзбай, сөздерін соңына дейін тыңдап

отырды. Сабақ оқушыларға, 

әріптестерімнін ойларынан  шықты

деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзін-өзі тану сабағының 

жоспары

Мектеп: №3 Красный Яр орта мектебі  Күні:

04.04.2017ж.                                                                 Тақырыбы:  Жақсылықтан жақсылыққа.   Құндылық

: Дұрыс әрекет                                                       

Қасиеттер: Ата - ананы,  үлкендерді сыйлау, шындықты айту, уәдені орындау.  Мұғалім:  Қайырбек Нұржамал Қайратқызы  Сыныбы:

 4 «Ә».  Оқушылар

саны: 18  

 

Сабақ мақсаты: Оқушыларға жанындағы жүрген

адамдарға  жақсылық  жасау 

қажеттілігін дұрыс әрекет құндылығы арқылы түсіндіру.

Сабақтың міндеті:

1. Үлкендерді сыйлауға түсініктерін 

қалыптастыруға үйрету.

2. Уәдені орындауға жауапкершілігін арттыру.

3. Үнемі шындықты айтуға тәрбиелеу.

Ресурстар:                                      

(материалдар, дереккөздер)

Сабақтың барысы:

1.    

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтағы жағымды күйге келу

Тыныштық сәтi. №4 «Орманға ойша

серуен»

         Мұғалім:

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір

тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір

біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті

ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға 

шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен

желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға

қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз.

Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын

сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына

зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап,

ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы

және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей

әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың

сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпті сезінеміз.

Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз

келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оның діңінен құшақтаңыз. Оның

қуаттылығын сезініңіз, ондағыф өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз.

Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Терең тыныс алыңыз және қоршаған

айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут

үзіліс жасауына болады).

         Бізге

жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша

сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін

қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген

уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға

дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген

жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне,

мектептің де алдына келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең

жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық,

қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

2.Үй тапсырмасы:  Оқулықтағы 116 бетіндегі  Ы.Алтынсариннің «Асыл шөп» әңгімесі.

1. Бәтиманың көңілді жүруінің себебі неде деп ойлайсыңдар ?

2. Сендердің ойларынша сабырлы адам қандай болады?

3. Зылиқаның «сабыр» атты шөпті таба алуы мүмкін бе?

4. Өмірде сабырлы адамдарды кездестіріп көрдіңдер ме?

5. Сабырлы болу үшін адамдар не

істеу керек?

 

 

Әдемі әуен: «Хрустальная грусть»

3.Жағымды ой-пікір. Дәйексөз

«Ешқандай жақсылық зая кетпейді»

                                                       

(Үнді нақылы)

Оқушыларға үнді нақылын хормен оқыту.

Осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

Осы дәйексөзді дәптерге жазып алу.

 

4. Оқиғаларды әңгімелеу

(мұғалімнің сыйы)

«Бұлақ сылдыры»

   Қиыршық қызыл құм жолаушының

бетіне тиеді. Керуеннің шыққанына бірнеше күн болған. Ұзақ жүрістен,

ыстықтан, желден шаршаған керуендегілердің бірі ояу, бірі түйе үстінде мүлгіп

келеді. Қанша күн жүргенін де есептемейді. Бір күні жолай аштықтан, шөлден

әбден қалжыраған, ес - түссіз жатқан адам кездеседі. Бірақ керуеннің алды бұл

адамға назар аудармай өте береді. Сонда керуеннің соңындағы бір қария

түйесінен түсіп, ессіз жатқан адамның қасына барады. Жатқан адам; «Су...»-

дейді. Аспан айналып жерге түскендей ыстық, аңызақ желмен сапырылған қиыршық

құм сексеуіл түбіне ұйлығады.

Қария торсығын алып, жатқан адамның беті - қолын жуып, су ішкізеді. Әлгі

адам есін жиған соң, қария оның алақанына қарап: «Сен менің жауым екенсің.

Бірақ шөлде бәріміз туыспыз. Мен қартайдым. Сен жассың, су іште, өмір сүр»,

дейді де, түйесіне мінгізіп, керуеннің соңынан жіберіпті. «Өзіңіз қайтесіз?» -

десе , «Менің демім санаулы», - дейді қария. Жолаушы керуенді қуып жетуге

ентелейді. Ұясына батып бара жатқан күн де адамның жақсылығы зая кетпесін

дегендей, ұзақ аялдайды. Бұл кезде жолаушы керуенді қуып жетеді. Қария ақ

матаға оранып, құмға жата кетеді.

Күндер, айлар өтіп керуен кері қайтады. Жолаушыларға шексіз құмның

арасынан шалқыған су көрінеді. Таяп келсе, көл жиегі көкорай шалғын, қамыс

екен. Керуеншілер шал оранған ақ жамылғыны ғана байқайды. Бұлақтың нәзік

сылдыры жүректі сипағандай сезіледі. Бұлақ адамға адамның жақсылық жасаған

жерінен пайда болыпты. Нәзік сылдыры жақсылықтың өшпес үні тәрізді.

1.     Қария әрекеті туралы не айта аласыңдар?

2.     Қария жасаған жақсылығы өзіне қалай  оралды?

3.     Сендер айналадағы 

жақсылық жасаған адамдарды білесіңдер ме?

4.     Өздерің 

жақсылық жасаған кездерің болды ма?

М.Коккозов

5.Шығармашылық іс-әрекеттер.

Топтық жұмыс

Тапсырма: 

Балалар екі топқа бөлінеді. Екі топқа екі түрлі әңгімеден үзінді беріледі.

Балалар әңгіме желісі бойынша туындаған оқиғадан шығу жолдарын іздестіруі

тиіс. Олар топ боп бірлесе отырып, ойланып әңгімені өз ойларымен жалғастырып

айтады. 

І - топ. Жақсылық туралы красворд шешу.

ІІ

- топ.

Мен жақсылық жасай аламын (коллаж)       

ІІІ - топ. Мен

жақсылық жасай аламын (постер құру)

ІVтоп. Аю мен тышқан. 

Бір тышқан аңдаусызда аюдың апанына тап болып қалады. Одан адасып жүріп,

аюдың құлағына кіріп кетеді. 

Аю шошып оянып , құлағын баса қояды: 

- Менің құлағым – сенің інің деп пе едің? – деп ақырады. 

Өзіңді жақсылап сабайын ба? 

- Сабамашы. Мен де бір керегіңе жарармын. 

- Бармақтай болып, не керегіме жарармын дерсің, - деп күледі аю. Дегенмен

босатып жібереді. 

1 – топ красворд шешу. 2 – топ коллаж. 3 – топ постер құру. 4 – топ сахналау 

 

1.     Топпен ән айту (қимыл-қозғалыс жасау арқылы)

Топпен ән айту

«Бала тілегі»

Бал балалық, балдырған шақ, сан

арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен, қара орман.,

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік – ұлан-байтақ елімде

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

 

Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным, тілегім сол менің де

Сөзін жазған С.МолдасанұлыӘнін жазған Ф.Жолдасова

7.Үй тапсырмасы

Келесі сабаққа Ә.Табылдиевтің «Атаның өнегесі» мәтінін оқып келу

 

8.Сабақтағы соңғы тыныштық

сәті.

Бүгінгі сабақта игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп жүрегімізге

сақтайық. рахмет

Әдемі әуен «Шепот цветов»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көкшетау қаласы

Красный Яр көпсалалы

№3  орта мектебі

 «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі

Қайырбек Нұржамал Қайратқызының

 

 

4  сыныпта  өткізілген өзін-өзі тану сабағы

бойынша рефлексивті есеп

 

        Ақпан айының 4 - ші  жұлдызында 

4  сыныпта  өзін – өзі тану пәнінен «Жақсылықтан жақсылыққа.  

» тақырыбында  ашық

сабақ өтті. Сабақтың  ұйымдастырылу

кезеңі  5 «Т» ережесін сақтаудан

басталды. Оқушылардың көңілін өзіме аударғаннан кейін,  баяу музыка әуені қойылып, «Орманға ойша серуен»

тыныштық сәтін өткізумен бастадым.  Үй тапсырмасын тексеру кезеңі бойынша  оқушылар «Асыл

шөп» тақырыбын қорытындылауда

әр түрлі сұрақтар қойылып отырды. Оқушылар әр бір қойылған сұраққа батыл әрі

өте дұрыс жауап беріп, өз ойларын ортаға салып отырды. Оқушылардың еркін

сөйлегені мен сабаққа белсене қатысып отырғандары  қатты ұнады.

   

Тақырыпты талдағаннан кейін жаңа

тақырыпты  «Ешқандай жақсылық зая кетпейді»

деген тамаша бір дәйексөзімен бастап, дәйексөзді  талдадық. Оқушыларға  дәйексөзді ең алдымен

қыздарға бір рет, содан соң ұлдарға бір рет, барлығы топпен бірге  қайталай отырып, естеріне сақтады.  Осыдан кейін мұғалімнің сыйы ретінде «Бұлақ сылдыры»  (аңыз әңгіме). Осы аңыз әңгіме бойынша

оқушылармен мынадай сұрақтар талқыланды.

    Қария әрекеті туралы не айта аласыңдар?

    Қария жасаған жақсылығы өзіне қалай  оралды?

    Сендер айналадағы 

жақсылық жасаған адамдарды білесіңдер ме?

    Өздерің  жақсылық жасаған

кездеріңді айтып беріңдер?

  деген сұрақтар қойылды.   өз өміріндегі жағдаяттарды айтып, талдап

өттік.

Шығармашылық тапсырма

кезеңінде  4 топқа бөлінген оқушыларға

мынадай тапсырмалар берілді:

І - топ. Жақсылық туралы красворд шешу.

ІІ - топ. Мен жақсылық жасай аламын

(коллаж)    

ІІІ - топ. Мен жақсылық жасай аламын (постер құру)

ІVтоп.Аю мен тышқан. 


     

  Әр топ

өздеріне берілген тапсырмаларды үлкен жауапкершілікпен топтастырлып жұмыс жасап белсене қатысып

отырды. Сабақтың қорытындысында оқушылар топпен орындарында отырып,  «Бала тілегі»

 әнін айттық. Үй тапсырмасына Ә.Табылдиевтің «Атаның өнегесі» мәтінін оқып келу

берілді. Соңғы тыныштық сәтінде көздерін жұмып, сабақтан алған

әсерлерін естеріне түсірді. Мен олардан сол сәттерді жүректеріңде сақтаулары

және сол сәт мәңгі естеріңе сақтап жүрулерін өтіндім. Мен сабағымның мақсатына

сүрінбей жеттім деп ойлаймын, оқушыларға әңгімені оқыта отырып, қандай да қиын

жағдай болмасын әр нәрсенің шешімі бар екенін толық қанды түсіндірдім деген

ойдамын.

Просмотров: 432


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст