Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі "Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия села Коргалжын" отдела образования по Коргалжынскому району управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Балдәурен" республикалық сайыс

04.04.2017

             «Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ қолында» деп Елбасымыз айтқандай, ғылым жолында жалындап жанын салып жүрген жастарымызды қолдап, әрі қарай ғылым мен білім саласына жол сілтеу – біздің

парызымыз. Осындай талабына нұр жауған оқушыларымыз некен-саяқ екені қынжылтатыны да бар. Дегенмен, арамызда  ғылым жолында білімін ұштағандар   да табылып жатады. Соның бірі және бірегейі  – 7 «А» класының оқушысы  Ермек Кәмшат.  Ең алдымен  оқушылар арасындағы мектепішілік ғылыми жобаны қорғауда  ерекшелік

танытып көзге түскен Кәмшат аудан бойынша да көптен дараланып  шыға білді. Қараша айында Көкшетау қаласында

өткен 1-7 сынып оқушыларының арасында  «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталып, республикалық конкурсқа жолдама алды. Щучье  қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтандыру орталығында өткен   жоба қорғау конкурсында да ешкімге есесін

жіберместен  өз жобасының маңыздылығын  көптің көзін  жеткізе біліп,  1-7 сынып оқушыларының арасында   зерттеушілік  жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» XII республикалық  конкурсының III

дәрежелі  дипломымен марапатталып, мектеп, аудан және облысымыздың атағын жаңғыртты. «Талабына нұр жаусын!» дей келе , келешекте де Кәмшатқа зор табыстар тілейміз.

Қорғалжын мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Балмағанбетова М.А.

Просмотров: 333


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст