Текст
24 - 29 наурыз күндері Астана қаласында өткен I Халықаралық «Шашу» фестиваліне Қорғалжын мектеп – гимназиясының оқушылары Малғаздар Жаснұр мен Марленқызы Мадина қатысты. Аталмыш фестивальде біздің оқушымыз Марленқызы Мадина 2 орынды иеленіп мектебіміздің беделін көтерді. Малғаздар Жаснұр белсенді катысқаны үшін дипломға ие болды. I Халықаралық «Шашу» фестиваліне оқушыларды дайындағаны үшін Қорғалжын мектеп - гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі - Садвокасов Аскар Урикбаевич сертификатқа иеленсе, мектеп директоры - Тәжин Нұрлан Есіркепұлы алғыс хатпен марапатталды.