«Білім үздігі» байқауының жеңімпазы
Ұлы ағартушы – ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына арналған байқауды «Халықаралық Ғылым мен Білімді қолдау орталығы» мен «Эрудит.KZ» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырды.
Байқау ЖОО – лар мен жалпы білім беретін арнаулы және орта мектеп мұғалімдері мен оқытушылары арасындағы
қабілетті, жан-жақты шығармашыл мамандардың интеллектуалдық жарысы болып табылды.
Байқаудың мақсаттары :
- Байқаудың негізгі мақсаты – қабілеті жоғары ұстаздарды анықтау, дамыту және қолдау, оларды
жетістікке жетелеу.
Міндеттері:
- Заман ағымына сай ақпараттық технология мүмкіндіктерін насихаттап, білім саласындағы
қолайлы факторларды айқындау.
- Электрондық дәріс түрлерін дамыту, қазақ тілді көлемді аудитория қалыптастыру.
Байқау қашықтықтан www.эрудит.kz интеллектуалды білім порталында жүргізілді. Байқау 2016 жылдың әр айының 15 - жұлдызына дейін алдын ала тіркелу арқылы жоспарлы түрде өткізілді, қатысушылар электронды поштасына байқауға қатысу туралы сұраныс жіберді. Бұл байқау IV-кезеңнен тұрды:
Бірінші кезенде қатысушылар өзі өткізген ашық сабақ жоспарын жолдап, арнайы тағайындалған сараптау комиссиясы, сабақ үлгісіне баға беріп, бағалау 1-10 балдық бағалау жүйесімен жүргізілді.
Екінші кезеңде қатысушылар жеткен жетістіктерін сапалы фото суретімен қоса жолдап, білім порталы қолданушылары арасында сауалнама жүргізіліп, шыққан нәтиже жалпы берілетін бағаның 50 пайызын қамтамасыз етілді.
Үшінші кезеңде 10 логикалық сұрақтар берілді. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 10 балл болып есептелді.
Әр айдың қатысушыларынан оза шыққан 5 қатысушы айлық сайыс жеңімпазы атанып, жылдық байқауға жолдама алды. Соның ішіңде «Білім үздігі» Республикалық үздік педагогтар байқауының ақтық мәресіне айлық қезеңіне (қараша айы) қатысып жоғары шығармашылық белсенділігімен көзге түскен – Жумабаева Фатима Кыпшакбаевна. Осыған дейінгі 3 кезеңдерден талмай еңбектеніп,әр кезеңнен жоғары ұпайымен, шығармашылық тұрғыда танылып, өзінің жан-жақты белсенділігін көрсете біліп жылдық байқауға жолдама алды.
Жумабаева Фатима Кыпшакбаевна жайлы редакцияға әріптестерден, шәкірттерден көптеген ыстық ықыласқа толы хаттар келіп түсіп, бұның өзі ұстаздық абырой мен білікті маман екендігін аңғартады.
Төртінші кезеңі ақтык мәре. Эрудит – интеллектуалды білім порталы ақтық мәре кезеңде мұғалімдерге 5 минуттық шығармашылық бейнеролик түсіру тапсырмасын берді. Бұл тапсырманы берудің өзіндік себептері бар. Ұстаз- шығармашыл адам. Мұғалімдер, өздерін турасында әзірлеген бейнероликтер интернет
желілерінде таралды. Еліміздің бүкіл ұстаздары мен оқушылары тамашадап еңбектерімен танысты.Бұл
байқауының мақсаттарының бірі: білікті, білімді, жан-жақты шығармашыл ұстаздарды көпшілікке үлгі етіп көрсету, олардың басты жарияланған бейнероликтерге, жазылған пікірлерге де, назар аудырылды.
Бейнероликке қойылатын талаптар мен бағалау:
- Бейнероликтің ұзақтығы 5 минуттан аспауы шарт;
- Қатысушы өзінің ұстаздық тұлғасын толық ашып көрсете білуі керек;
- Бейнероликте аты-жөні, жұмыс орны көрсетілуі шарт;
- Сайысқа қабылданатын бейнероликтер форматы: (AVI мүмкіндігінше,WMV);
- Бейнеролик идеясына баса назар аударылды;
Эрудит – интеллектуалды білім порталында жарияланған бейнероликтерге жазылған пікірлерге де назар аударылды. Бейнероликтер 20 балдық жүйемен бағаланады; бейнеролик сапасы – 5 бал, мазмұны – 5 балл, бейнеролик ерекшелігі мен идеясы – 10 бал
Фатима Кыпшакбаевна бейнероликтің шарттарын, идеясын, өзінің ұстаздық тұлғасын толық ашып, көрсете біліп, қатысушылардың арасында ең жоғары 19 балдық жүйемен бағаланды. Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен «Эрудит» интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен 2017 жылы 4
наурыз күні Алматы қаласында Республика педагог мамандар арасында өткен «Білім үздігі» жылдық байқау жеңімпазы , Бас жүлдені, дипломмен иемденген Қорғалжын мектеп-гимназиясының мұғалімі Жумабаева Фатима Кыпшакбаевна Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының арнайы «ҚҰРМЕТ» медалімен марапатталды.
«Қорғалжын мектеп-гимназиясы» ММ директорының орынбасары: Б.Жусупова