13 ақпан күні Қорғалжын мектеп-гимназиясында «Үздік педагог – 2017» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты:
- Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздарды анықтау және шығармашылық потенциалын ашу;
- Олардың кәсіби тұрғыда өз біліктілігін анықтауға жағдай жасау;
Байқаудың міндеті:
- Талантты, шығармашыл, ізденімпаз педагогты анықтау;
- Мұғалім беделін арттыру;
- Кәсіби қарым-қатынас көкжиегін анықтау
Байқауға әр бірлестіктен бір ұстаздан қатысты. Байқау төрт кезеңнен тұрды.
1-кезең: Өзін-өзі таныстыру (презентация) ұсынысы таныстыру формасы қатысушының өз еркінде
2-кезең:Портфолио «Менің кәсіби ұстанымым» атты мұғалімнің шығармашылық зертханасы (қатысушы өз қызметінің көркемдігі, авторлық, ғылыми-әдістемелік сабақ әзірлемелері, оқу бағдарламалары, құралдары, оқу-әдістемелік жинақтары және т.б.сыныптан тыс жұмысы, жалпы өз тәжірибесі жайлы фото, бейне материалы)
3-кезең: Жағдаяттар (Әділ қазылар алқасы қатысушыға мектеп өміріне байланысты жағдаяттар ұсынады. Педагог сол жағдаяттардан қалай шығатынын шебер көрсете алуы тиіс)
4-кезең: «Менің әуестігім» қатысушы өз өнерін көрсетуі тиіс .
Әр кезең бойынша қатысушы сайыскерлер өз білгендерін, өнерлерін ортаға салды. Сайыс қорытындысы бойынша І орынды информатика пәнінің мұғалімі Алибекова Назира Елеусизовна, ІІ орынды ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Байтемирова Арайлым Мейрамовна, ІІІ орынды Сайлаубек Даурен Картайұлы иеленді.