Текст
20 қаңтар күні Майшұқыр негізгі мектебінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Шәкәрім» қойылымы байқауы өтті.
Мақсаты: Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларыннасихаттау. Оқушылар бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыру, өнерді сүюге тәрбиелеу.
Байқауға мектебіміздің оқушылары Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» поэмасынан үзіндіге қойылымды өз деңгейінде көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді. Сонымен қатар рөлдерді үздік сомдаған оқушылар да марапатталды. Олар: Дангилова Аружан, Оралбаева Аягүл.
Қойылымды дайындаған жетекшілері: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ш.Қ.Бадыкова мен А.М.Уткельбаева.