Текст
2016-2017 оқу жылында Қорғалжын мектеп-гимназиясының 9 «а» класс оқушылары «Мейірім»
командасын құрып, 14 қаңтар күні мектебімізде еңбек еткен мүмкіндігі шектеулі ұстаз Ерік Тенкейұлының үйіне көмекке барып ауласын қардан тазалап, үй маңайын жинастырып қайтты.
«Мейірім» командасы «Еңбек- біздің жігеріміз,бірлік- біздің тірегіміз» деген ұранды ұстана отырып,
жұмыс жасайды. Көмек көрсету - жас ұрпақты аға буынеңбегін бағалауға, олардың ерлік, еңбек жолын мақтан тұтуға және еңбексүйгіштікке тәрбиелеуде зор ықпал етеді. Қорғалжын мектеп-гимназиясы командасының жетекшісі-аға тәлімгер Смагулова Қымбат Сарсенқызы.