2016-2017 оқу жылының қаңтар айының алғашқы күндерінде жылдағы дәстүр бойынша Көкшетау қаласындағы өткен Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың облыстық олимпиадасы болып өтті. Олимпиадаға 14 аудан және 2
қаладан 340 оқушы қатысты. Қорғалжын ауданынан 4 оқушы барды. 4-қаңтардан 7-қаңтарға дейін созылған жалпы пәндер олимпиадасына әр оқушы ерекше ықыласпен қатысты. Олимпиаданың 1-күні оқушыларды психологиялық қолдау ретінде психологтар тренинг өткізді. Кешкі уақыттарда арнайы дайындалған
педагогикалық топтар балалармен әр түрлі іс-шаралар жүргізді.
2-күні пән олимпиадасының 1-туры өтті.Бұл турдан біздің мектептен, яғни Қорғалжын мектеп-гимназиясынан Аяпбекова Г. география пәні бойынша сүрінбей өтті. Осы күні оқушыларды рухани шабыттандыру ретінде облыстық филармония концерттік бағдарлама көрсетті.
3-күні олимпиадға қатысушалар 2-турға да белсене қатысты. География пәнінен Аяпбекова Г. белгілі себептермен 27 қатысушының ішінен тек 7-орынды иеленді.
4-күні «Көкшетау» сарайында Олимпиаданың жабылуының салтанатты жиыны өтті. Жетекшілік еткен Жұмабаева Ф.Қ. келер оқу жылында дайындық пен белсенділікті күшейтіп, жүлделі орынды иеленуді мақсат етіп қойды.