Текст
Қорғалжын мектеп-гимназиясында Жаңа жыл мерекесін атап өтілді. Бұл мереке 27,29,30 желтоқсан күндері 2 мезгілде өткізілді. Бастауыш кластарда ертеңгілік өткізілсе, ал жоғарғы кластарда мерекелік кеш болып өтті.
Жаңа жылдық мереке кейіпкерлерімен жасыл шыршаны айналып,ән мен күй,биден өз сыйларын тарту етті. Барлық окушылар жаңа жылдық костюмдер киіп, өнерлерін көрсетті. Мереке ұстаздар мен оқушы балаларға ұйымдастырылды. Балалар би билеп, қазақ және орыс тілдерінде ән салды,оқушылармен ойындар ұйымдастырылды. Мереке соңында балалар «Шын жүректен» атты газетке өз жылы лебіздерін жазды.