Ағымдағы жылдың 17 ақпанында Қорғалжын мектеп-гимназиясында «Класс жетекші – тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы» тақырыбында класс жетекшілерге арналған семинар-практикум өтті. Семинардың мақсаты: класс жетекшілерімен бірге тәрбие жұмысындағы кейбір проблемаларды шешу жолдарын қарастыру арқылы жас класс жетекшілерге алдын алу бағытында бағыт – бағдар беру. Аталмыш семинарға 30 класс жетекшілері қатысты. Мектеп психологы М.Балмағанбетова «Жақсы көңіл- күй – жан қуанышы» атты тренингпен бастап, класс жетекшілердің арасында жағымды көңіл- күй орнатып, әр баланы танып білу мақсатында, яғни талантты және дарынды балаларды анықтау үшін уақыт керек екенін айтты. Тәрбие жұмысының орынбасары Г.Ашимова, мектеп тренерлері К.Даңғылова, А.Өткелбаева «Бала тәрбиесінде сенімділік, қолдау көрсету», «Үштік одақ: мұғалім – оқушы – ата-ана», «Класс жетекші деген кім?» деген тақырыптарда бірлескен жұмыс түрін ұйымдастырды. Класс жетекшілер ауқымды тақырып бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, үштік одақ тығыз қарым-қатынаста, ынтымақ бірлігінде ғана нәтижелі жұмыс беретіндігіне аса назар аударды. “Тіл табыса білейік” тренингіде А.Тажина мұғалімдермен бірге әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдап, дара тіл табу жолдарын қарастырды. Соның дәлелі ретінде 9 “а” класс жетекшісі С.Тусупбекова мен 2 “а” класс жетекшісі А.Рыспаева өз тәжірибелерімен бөлісіп, класс жетекшінің міндеті- әр оқушының жүрегіне жол табу, рухани өсуіне, өзіндік мүмкіндігін дамыту үшін жағдай туғыза
алатындығымен құнды екендігін айтып өтті. Соңында семинар қатысушылары өз рефлексияларын беріп, әр тоқсан сайын класс жетекшілерге арналған семинар болуы туралы ұсыныс жасады.