Қорғалжын мектеп-гимназиясының аясында 2018 жылдың 22 ақпанында білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша аудандық оқыту семинары өтті. Семинар мазмұны: Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жағдайында көмек көрсету болып табылады, педагогтерге үнемі әдістемелік көмек көрсету, оқу бағдарламаларын (әдістемелік нұсқаулықтарды) іске асыруда жедел кеңес алуға, Қорғалжын ауданының білім беру
ұйымдарында инновациялық тәжірибені қолдану. Семинарға Ақмола облысы білім басқармасының ОӘК әдіскері – Исмаилова Майра Исполовна мен ПШО тренерлері – Журунтаева Сауле Байкешқызы, Мусина Айгуль Дәулетжанқызы және аудан мектептерінен 5,7 кластарда сабақ беретін пән мұғалімдері қатысты.
Жоспар бойынша 4 сабақ өтті:
№ |
Сабақ тақырыбы |
Жауапты |
1 |
Көліктің шығу тарихы. (5 класс, қазақ тілі) |
Арықты ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Аскарова Н.Т. |
2 |
Қысқаша көбейту формулалары. (7 класс, математика) |
Қорғалжын мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Мусин М.Г. |
3 |
Десятичные дроби. Сравнение десятичных дробей. (5 класс, математика) |
Сабынды ОМ математика мұғалімі Идрисова Г.М. |
4 |
Нравы и характеры в комедии «Недоросль» Д.Фонвизина (7 класс, литература) |
Қорғалжын мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алиева Г.С. |
Сабақтарды талдау оқыту семинарымен үлесіп кетті. Практика жүзінде қолданған әдіс-тәсілдерді талдай
келе ПШО тренерлері жаңартылған білім мазмұнын ашатын 8 бағытты қарастырды. Критериалды бағалау, калыптастырушы және жиынтық бағалау, ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар, т.б. сұрақтар талқыланды.
Семинардың берері мол, тәжірибелі іс-шара болды. Семинар соңында Қорғалжын мектеп-гимназиясының
өнерпаз оқушылары қатысушылар мен қонақтарға музыкалық сәлемдемелерін жолдады.
Досымкулова Дильназдың орындауында күй «Саржайлау», «Қуыршақтар» биі «Жұлдыз»
би тобының орындауында, Малгаздаров Жаснұрдың орындауында «Мен Қазақпын» әні.
Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары: Б.Жусупова