Қорғалжын мектеп-гимназиясында «Білім негізі-бастауышта»
атты бастауыш кластар онкүндігінде 1 наурыз күні 2 «А» класында Қорғалжын ауданының 90
жылдығына орай «Қорғалжын киелі-мекенім» атты ашық тәрбие сағаты өтті, класс
жетекшісі Рыспаева Аягоз Бактыгельдиевна
Мақсаты: Жас ұрпақты өз туған жерінің тарихын білуге, туған жерін қастерлей білуге тәрбиелеу. Оқушыларды өз елін ,жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын көркем толық жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Оқушыларды туған жер тарихын ұғындыра отырып, елін, жерін, табиғат байлықтарын қорғай білуге үйрету.
Тәрбие сағаты мерекелік ертеңгілік түрінде өткізілді. Оқушылар Қорғалжын ауданының 90 жылдығына арнап өлең, тақпақтарын айтып, би билеп, өз өнерлерін тамашалауға келген мұғалімдер мен ата-аналарға көрсетті. Тәрбие сағаты барысында Қорғалжын өңірінен шыққан ақын-жазушылардың өлең жырларымен қатар, осы киелі жерде орын тапқан тарихи мәліметтер бойынша сахналық қойылымдар көрсетілді. Мерекелік іс-шарада, ата-аналармен байланыс жүргізу мақсатында 2 «а» класс оқушысы Туғанбекұлы Тайрланның өнерін тамашалауға келген Қомар атасына сөз берілді. Сөз барысында Қомар ата Қорғалжын өңірінде орын алған көптеген тарихи жайлармен осы өңірге еңбегі сіңген тарихи тұлғалар жайлы ой толғады. Сөз соңында оқушыларға алғысын айтып, жақсы тілектер білдірді.