Қорғалжын мектеп-гимназиясында «Білім негізі-бастауышта» атты бастауыш кластар
онкүндігінде 21 ақпан күні 2 «А» класында әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өтті, класс жетекшісі Рыспаева Аягоз Бактыгельдиевна.
Сабақтың тақырыбы:
«Леонардо да Винчи. Құмырсқа және бидай дәні»
Сабақтың мақсаты: 1)шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін
мазмұндау,сахналау
2) мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталуын анықтау
3) шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну
Сабақтың түрі: саяхат-сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: жеке, жұптық, топтық, сахналау, «Автор орындығы» әдісі, зерттеу жұмысы,
видео-көрсетілім, шығармашылық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі, дүниетану, жаратылыстану, көркем еңбек, ағылшын тілі, музыка, орыс тілі, өзін-өзі тану.
Сабақ барлық пәндер бойынша саяхаттау түрінде өтті. Оқушылар жеке, жұпта, топта жұмыс
жасады. Әр пәнге сәйкес тапсырмалар берілді. Сабақта орыс және ағылшын тілдері
қолданылды. Сабақтың әр кезеңі бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізіліп,
тапсырма сайын кері байланыс беріліп отырды.